1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз.

Slides:



Advertisements
Liknende presentasjoner
Leningrad under 2.verdenskrig.
Advertisements

Insert company logo here. Bergensregionen Insert company logo here Kunnskapsbaserte næringsklynger ENERGI: Olje, gass og fornybar energi MARITIME NÆRINGER:
Newsletter Subscribtion HOWTO CustomPublish. Eksempel fra Oslo Spektrum sin nyhetsbrev påmelding.
Høgskolen i Oslo Webprogrammering SQL og databaser del 3.
Senter for overvåking og kontroll av smittsomme sykdommer i Kaliningrad fylke Helseavdelingen i fylkesadministrasjonen Prosjektet «Vaksinering av narkotika-
1. Alt du trenger for å drive din forretning, vil du finne i Office.
Ansiktsmodelle ring i Maya av Karine Strand Andresen.
SQL The questing beast Sir Thomas Mallory. Codds krav 5.Krav om omfattende språk for datahåndtering Det må finnes et relasjonelt språk som støtter datadefinisjon,
Sqlite Et lite eksempel på en SQL- database. SQL kan startes på ulike måter Kommandolinjeversjon or Windows –Programmet må innstalleres Hentes fra
SQLHiA Transaksjoner. SQLHiA TransaksjonDefinisjon En transaksjon er en serie av en eller flere SQL-statement som til sammen danner en logisk enhet. Med.
std::basic_string En oversikt over C++ Standard bibliotekets streng-klasse.
© Process Industriee /07/2014 Insert image here Oil & Gas Industries Division SRU EOP Olav Slupphaug.
Webprogrammering MySQL og PHP Sikkerhet.
Eksempel på SQL ”SQL-setninger” har en struktur som likner på ”naturlig språk”, med ”verb, subjekter og adjektiver”. SQL-setningene begynner alltid med.
Høgskolen i Oslo Bli kjent med tekstbehandlingsverktøyet Eksempel: Word Fagenhet for IKT ved Avdeling for lærerutdanning 2005/2006 Grunnleggende tekstbehandling.
Høgskolen i Oslo Bli kjent med tekstbehandlingsverktøyet Word 2002 IT-seksjonen ved Avdeling for lærerutdanning 2003/2004 Grunnleggende tekstbehandling.
Avansert tekstbehandling
Upload av bildefiler Utdrag fra ImageIn Ved Kirsten Klæbo Tirsdag 25/11-03.
LHU_ME 魏慶隆 李瑞宗老師 零件組立之基本操作  零件組立之步驟  Component  Assembly  [ 選取零件 ]  定位  定位指令說明 定位指令說明.
HUSK EKSAMENSTILMELDING Frist: 15. februar. Algoritmer og Datastrukturer 1 Merge-Sort [CLRS, kapitel 2.3] Heaps [CLRS, kapitel 6] Gerth Stølting Brodal.
Referanser Institutt for statsvitenskap. Agenda Hvorfor referanser? Nettsider og informasjon Referanser i Word Oppgaver.
Fargen på det grå feltet endres ved å høyreklikke på sliden og skifte bakgrunnsfarge på sliden. Alle fargene i paletten kan brukes, se eksempler Fargen.
Oversikt Access Hva en bør beherske så langt. Tabeller Felt Typer (heltall, desimaltall, tekst, Boolean) Primary Key.
Dette er undertittelen
Klikk på bildet for film.
Forelesning i RUS februar 2006.
ДАТОТЕКА, ФОЛДЕР И АРХИВИРАЊЕ
Табела величина табеле је одређена бројем колона и редова
Genitiv (родительный падеж )
فصل هفتم شاخص گذاری.
برنامج الكتابة wordورد
ГРАФИЧКИ ПРИКАЗ ПОДАТАКА
استاد راهنما دکتر مجید رستمی آموزش EXPERT CHOICE ارائه: احمد آقاجانی
Программчлалын хэл түүний ухагдахуунууд
Ә.Тәжібаев “Сырдария ” өлеңі ашық сабақ 7-сынып
فهرست مطالب مفاهيم اوليه رمزگذاری پیام و کدهای تشخیص خطا
СЛИКА ГОВОРИ ВИШЕ ОД ХИЉАДУ РЕЧИ
Оптимизација и пројектовање самосталних и повезаних на мрежу фотонапонских система Припремио: Никола Пауновић.
KVA VAR DET VI VILLE FORBETRE?
Forelesning i RUS1120, 3. februar 2006.
Inndeling av adjektiv Adjektivets syntaktiske funksjoner Adjektivets kortform Forelesning i RUS1120. Trond Gunnar Nordenstam
PARTISIPPER Forelesning i RUS Trond Gunnar Nordenstam
Forelesning i RUS februar 2006.
Relative pronomen Forelesning i RUS1110. Trond Gunnar Nordenstam
Substantivbøyningen Etternavn og substantiverte adjektiv
Forelesning Trond Gunnar Nordenstam
Upersonlige setninger
Titteloppsett Undertittel.
Жоба «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас
Ән күй. 6 сынып Жанти Ардабек..
Екпетал мектеп – балабақшасы Ана тілі 2 класс Өткізген: Г
Мұғалімнің аты жөні: Изтелеуова Майгул Богдановна
Morsmålsdagen 2018 på Nygårdslien skole QUIZ QUIZ.
Қазақ тілін оқытудын инновациялық әдіс-тәсілдері.
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылы «Қызылдихан» негізгі орта мектебінің математика пәні Жамалова Зиёда Ахламбайқызының 9 –сыныпта өткен.
Komparasjon av adjektiv og adverb
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің
Тақырыбы: Африканың жер бедері. Пайдалы қазбалары Атырау облысы
Ашық сабақ Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев
Бейшева Ментай Идрисовна
Тақырыбы: . Үшбұрыш теңдігінің белгілері.
! з Қ і о ш ң і к д е л.
Информатиканың тест сұрақтары
«Оқу мен оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер»
“Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту” модулі сабақтар топтамасында орындаған: бастауыш сынып мұғалімі:Алимбаева Алмаш Иренгалиевна санаты ІІ.
Сабақтың тақырыбы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды?
50 tidsbesparende hurtigtaster i Outlook
Уур амьсгал гэж юу вэ? Нар нь уур амьсгалын системийг хөтлөгч гол хүч юм
Коучинг тақырыбы: “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер”
Utskrift av presentasjonen:

Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру

1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз сабақта сын тұрғысынан ойлаудың қандай стратегияларын қолданасыз? 4.Сіз қандай бағытта жұмыс жасағыңыз және неге қол жеткізгіңіз келеді? 5.Сіз сын тұрғысынан ойлауды дамытудың элементтерін өз сабағыңызда қолдана алатыныңызға сенімдісіз бе?

Дәстүрлі сабақ 1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді 2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды. 3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру 4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау 5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді Интербелсенді әдіс 1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды 2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды 3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді 4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады 5.Жұппен және топпен жұмыс

Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі. Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу

Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций).

Интербелсенді оқуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және баға беру; Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция ұстану; Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; Басқа да балама пікірлерді ескеру; Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; Ортақ жұмысқа жұмыла білу; Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу; Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау; топты ұжым ретінде қабылдау.

Оқудың/оқытудың негізі мәселелері Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/ үйрету керек?). Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?). Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қалай болу керек?)

Не нәрсеге үйрену/үйрету керек? Өмір сүруге, адам және жеке тұлға болуға үйрену/үйрету. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Ұстаздың мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу. Әрбір пән, сабақ, тақырып осы мақсаттың құралы болуы тиіс.

Ойлай білуге үйрену/үйрету «Бас адамға есте сақтау үшін берілмей, ойлау үшін берілген!». Қазіргі ойлаудың түрлері: Сыни ойлау; Проблема шешуде қолданылатын ойлау; Шығармашылық ойлау.

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау. Екінші ереже. Топқа бөлу. Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау. Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек. Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек. Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы оқушылардың қызығушылығын туғызады; әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; әрбір оқушының сезіміне назар аударады; оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады; оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; өмірлік машықтарды қалыптастырады; мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ Проблеманы айқындау кезеңі Қызығушылықты ояту кезеңі. Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел Проблеманы шешу кезеңі. Тақырыптың мағынасын ашу. Кең ауқымды лекция, Ойлан, жұптас, пікірлес, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу Проблеманың шешімін қолдану кезеңі. Ой толғаныс кезеңі. Сабақты бекіту. Эссе, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Аквариум, Жеңілдетілген анықтама/түсіндірме.

Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы кешікпейміз; білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз; «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз; ашық айтамыз; бір-бірлеп сөйлейміз; мәселенің мәні бойынша сөйлейміз; бір-бірімізді тыңдаймыз; бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз; өзгелердің сезімін сыйлаймыз; құпиялылықты қадағалаймыз; уақытша шекараны қадағалаймыз; бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

Интербелсенді әдістер «Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

«Автор орындығы» Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

«Миға шабуыл» стратегиясы (Мұғалімдермен жұмыс) Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

«3 таяқша» әдісі (мұғалімдермен жұмыс) Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ 1 жауап 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

«Бинго» ойыны (Мұғалімдермен жұмыс) Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз? Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. Мыс: «Әдіс алмасу үшін»

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

«Он сұрақ!» әдісі Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

«Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

Рөлдік ойын Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі Рөлдік ойын Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.

Кері байланыс Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады. Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды. Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

Постер жасау 1-топ. Ызақор адамның бейнесін суретте. 2-топ Постер жасау 1-топ.Ызақор адамның бейнесін суретте. 2-топ.Еріншек оқушыны суретте. 3-топ.Мақтаншақ ұлды, өтірікші қызды суретте.

Рөлдік ойын: Топтық жұмыс 1. Бала мен ата-ана. 2 Рөлдік ойын: Топтық жұмыс 1.Бала мен ата-ана. 2.Жетім бала мен ата-ана. 3.Қарт адам мен бала.

Кері байланыс «Ойлаудың бес гүлі»

Назарларыңызға рахмет! Назарларыңызға рахмет!