Presentasjon lastes. Vennligst vent

Presentasjon lastes. Vennligst vent

Ашық сабақ Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев

Liknende presentasjoner


Presentasjon om: "Ашық сабақ Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев"— Utskrift av presentasjonen:

1 Ашық сабақ Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев
Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы №120 жалпы орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі: Умирбекова Камила

2 Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ақын өмірімен, шығармалары және өлеңдерімен таныстыру. Балаларға өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, мәнерлеп айту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту. Сыни тұрғыдан ойлауды жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру. Тәрбиелік: Өз елін, жерін қорғауға, Отанын, тілін сүюге тәрбиелеу.

3 Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндіру,СТО, сұрақ-жауап, INSERT. Сабақтың көрнекілігі: М.Мақатаев суреті, автор кітаптары, бүктемелер. Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу, тарих.

4 Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгелдеу, сәлемдесу, оқушыларға сабақтың ережесін түсіндіру) 1. Тыныштық сақтау 2. Бір-бірімізді тыңдау 3. Ойымызды толық айту

5 Психологиялық дайындық
Бүгінгі мынау сабақта, Дайын дәптер, қаламым. Жақсы оқып сабақты, Кілең “бестік” аламын.

6 Білім шыңы Еліміздің ертеңі – жас ұрпақтың қолында,
Жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздардың қолында. Н.Ә.Назарбаев Білім шыңы

7 1-баспалдақ « Не оқып, не үйрендік. » II. Үй тапсырмасын тексеру. 1
2. Жақан Смақов қандай өлеңдер жазған? 3.Жақан Смақов қайда туған? 4.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім? 6.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? 3- баспалдақ «Біліп ал да, ұғып ал» III. Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту Сөзжұмбақ шешу

8 Ой қозғау. Отан сөзіне топтастыру

9 Мұқағали Мақатаев 1936 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған. Мұқағали Мақатаев қазақтың ақиық ақыны, Қара өлеңнің Құлагері атанған. Мұқағали пояэзиясы түрлі тақырыптарға бөлінеді: ана туралы, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы, туған жер, Отан, соғыс тақырыбы.

10 Оқулықпен жұмыс а)Мақал- мәтелдерді түсініп оқып, мәнін түсіндіру. 1. Туған жердің күні де ыстық, Түні де ыстық. 2. Отан оттан да ыстық. ә) Мұқағали Мақатаевтың «Отан туралы» өлеңін оқу, мазмұнын түсіндіру. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған. Отан, Отан, Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.. б) Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту

11 4-баспалдақ “Демалыс” Сергіту сәті
4-баспалдақ “Демалыс” Сергіту сәті Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық.

12 5- баспалдақ “Кім жүйрік?” Дәптермен жұмыс
Ақын қолданған өзенге, тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тап . Оларды дәптеріңе жазып ал. …өзен … тіл … тау … үн

13 6-баспалдақ “Ізденушілер” Топпен жұмыс
1.Әр топ өз аттарына байланысты мақал-мәтелдер айту 2. Отан туралы шағын әңгіме жазу 3.Отан туралы бір шумақ өлеңді жатқа айту

14 7- баспалдақ «Жеке жұмыс» Венн диаграммасы арқылы өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыру: Жақан Смақов Мұқағали Мақатаев

15 8-баспалдақ “Білімді пысықтау”
Қорытынды: Сандықшалардағы тапсырмаларды орындау. 1.Бүгін кімнің өлеңімен таныстық? 2.Мұқағали Мақатаев кім? 3.Мұқағали Мақатаев қайда дүниеге келген? 4.Мұқағали Мақатаевтың қандай шығармалары бар? 5 «.Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 6.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата.

16 Рефлексия Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. 1.Өлеңді жаттап келу.
Не білдім? Нені білемін? Нені білгім келеді? Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. 1.Өлеңді жаттап келу. 2.Отан тақырыбына шағын эссе жазу.

17 Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!


Laste ned ppt "Ашық сабақ Тақырыбы: Отан туралы М.Мақатаев"

Liknende presentasjoner


Annonser fra Google