Presentasjon lastes. Vennligst vent

Presentasjon lastes. Vennligst vent

1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз.

Liknende presentasjoner


Presentasjon om: "1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз."— Utskrift av presentasjonen:

1 Оқытудағы жаңа әдістерді пайдалана отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру

2 1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз сабақта сын тұрғысынан ойлаудың қандай стратегияларын қолданасыз? 4.Сіз қандай бағытта жұмыс жасағыңыз және неге қол жеткізгіңіз келеді? 5.Сіз сын тұрғысынан ойлауды дамытудың элементтерін өз сабағыңызда қолдана алатыныңызға сенімдісіз бе?

3 Дәстүрлі сабақ 1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді 2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды. 3.Оқытудың басым түрі-түсіндіру 4.Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау 5.Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді Интербелсенді әдіс 1.Оқушылар көп уақыт бойы белсенді, тапсырманы талқылайды 2.Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі, сұрақтар қояды 3.Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді 4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады 5.Жұппен және топпен жұмыс

4 Интерактивті әдіс дегеніміз – оқытудың өзара белсенді жұмыс істеу әдісі.
Интерактивті әдістің мақсаты: жай ақпарат беріп қоймай, оқушыларды өздіктерінен жауап іздеуге бейімдеу

5 Интербелсенді әдістеменің негізгі қағидасы
«Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін!» (Конфуций).

6 Интербелсенді оқуда білім алушылар мынандай білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және баға беру; Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; Өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция ұстану; Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; Басқа да балама пікірлерді ескеру; Шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу; Ортақ жұмысқа жұмыла білу; Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара әрекеттесу; Үйренушілер ұжымына ортақ бірлесе жұмыс жасаудың рухани және моральдік ережелерді қабылдау; топты ұжым ретінде қабылдау.

7 Оқудың/оқытудың негізі мәселелері
Мазмұн (Не нәрсеге үйрену/ үйрету керек?). Әдістеме (Қалай үйрену/үйрету керек?). Нәтиже (Не үшін үйрену/үйрету керек? Үйренудің/үйретудің нәтижесі қалай болу керек?)

8 Не нәрсеге үйрену/үйрету керек?
Өмір сүруге, адам және жеке тұлға болуға үйрену/үйрету. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Ұстаздың мақсаты – шәкірттерін адам болуға баулу. Әрбір пән, сабақ, тақырып осы мақсаттың құралы болуы тиіс.

9 Ойлай білуге үйрену/үйрету
«Бас адамға есте сақтау үшін берілмей, ойлау үшін берілген!». Қазіргі ойлаудың түрлері: Сыни ойлау; Проблема шешуде қолданылатын ойлау; Шығармашылық ойлау.

10 ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бірінші ереже. Аудиторияны жұмысқа дайындау. Екінші ереже. Топқа бөлу. Үшінші ереже. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Төртінші ереже. Жұмыс ережелерін қабылдау. Бесінші ереже. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Алтыншы ереже. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек. Жетінші ереже. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек. Сегізінші ереже. Жазбаша жұмыстар. Тоғызыншы ереже. Кері байланыс.

11 Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы
Оқудың интерактивті әдістерінің артықшылығы оқушылардың қызығушылығын туғызады; әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді; әрбір оқушының сезіміне назар аударады; оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді; оқушыларға көпжоспарлы әрекет етуге әсер етеді; кері байланысты (аудиторияның жауап беру реакциясын) жүзеге асырады; оқушылардың пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады; өмірлік машықтарды қалыптастырады; мінез-құлықтың өзгеруіне көмектеседі.

12 ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Проблеманы айқындау кезеңі Қызығушылықты ояту кезеңі. Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластерлер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Қос шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел Проблеманы шешу кезеңі. Тақырыптың мағынасын ашу. Кең ауқымды лекция, Ойлан, жұптас, пікірлес, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Бірін-бірі оқыту, Белгі қойып оқу (INSERT), Жигсо, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу Проблеманың шешімін қолдану кезеңі. Ой толғаныс кезеңі. Сабақты бекіту. Эссе, Үлкен шеңбер, Қос шеңбер, Аквариум, Жеңілдетілген анықтама/түсіндірме.

13 Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы
кешікпейміз; білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз; «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз; ашық айтамыз; бір-бірлеп сөйлейміз; мәселенің мәні бойынша сөйлейміз; бір-бірімізді тыңдаймыз; бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз; өзгелердің сезімін сыйлаймыз; құпиялылықты қадағалаймыз; уақытша шекараны қадағалаймыз; бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

14 Интербелсенді әдістер
«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

15 «Автор орындығы» Оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

16 «Миға шабуыл» стратегиясы (Мұғалімдермен жұмыс) Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”

17 «3 таяқша» әдісі (мұғалімдермен жұмыс) Берілген тақырыпқа байланысты 1 сұрақ 1 жауап 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

18 «Бинго» ойыны (Мұғалімдермен жұмыс) Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. Семинарға не үшін келдіңіз? Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. Мыс: «Әдіс алмасу үшін»

19 «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.

20 «Он сұрақ!» әдісі Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

21 «Серпілген сауал» әдісі Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.

22 Рөлдік ойын Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі
Рөлдік ойын Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.

23 Кері байланыс Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді. Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады. Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды. Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

24 Постер жасау 1-топ. Ызақор адамның бейнесін суретте. 2-топ
Постер жасау 1-топ.Ызақор адамның бейнесін суретте. 2-топ.Еріншек оқушыны суретте. 3-топ.Мақтаншақ ұлды, өтірікші қызды суретте.

25 Рөлдік ойын: Топтық жұмыс 1. Бала мен ата-ана. 2
Рөлдік ойын: Топтық жұмыс 1.Бала мен ата-ана. 2.Жетім бала мен ата-ана. 3.Қарт адам мен бала.

26 Кері байланыс «Ойлаудың бес гүлі»

27 Назарларыңызға рахмет!
Назарларыңызға рахмет!


Laste ned ppt "1. Сіз сабағыңызда интербелсенді әдістерді қолдану тиімді деп ойлайсыз ба? 2.Сіз сын тұрғысынан ойлаудың белсенді элементтерін жиі қолданасыз ба? 3.Сіз."

Liknende presentasjoner


Annonser fra Google